• АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу 23-27 мамырда АҚШ-тың өңірмен қарым-қатынасын нығайту және қауіпсіз, ілгері дамыған Орталық Азия өңірін қалыптастыру бағытында бірлескен күш-жігерді ілгерілету мақсатында Қазақстан, Қырғызтан, Өзбекстанда, және Тәжікстан мемлекеттеріне барады. Бұл жөнінде бүгін АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

Делегация құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Эрик Грин, Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің Азия бойынша Бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ Халықаралық қаржылық даму корпорациясының өкілі болады деп көрсетілген.

Қырғыз Республикасында делегация АҚШ-тың ортақ құндылықтарды, жергілікті мәдениетті және экономикалық дамуды қолдау мақсатында Қырғызстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен, азаматтық қоғаммен және экономикалық жетекшілермен кездеседі. Өзбекстанда делегация Өзбекстан үкіметінің шенеуніктерімен, бизнес және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездесіп, экономикалық серіктестікті нығайту, ортақ құндылықтар және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылайды. Аталған бағыттар бойынша АҚШ тарабы ұсынатын қолдау түрлерін талқыға салады.
Бұдан әрі Лу Мемлекеттік хатшысының көмекшісі және онымен бірге жүрген делегация жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, АҚШ пен Тәжікстан арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жыл сайынғы екіжақты консультацияларға қатысу үшін Тәжікстанға барады. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу онда азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Ауған босқындарына гуманитарлық көмек пен басқа да қолдауды, адам құқықтары мен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен бастамаларды және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру жайын талқылайды.

Сапар Қазақстанда аяқталады деп жоспарланған. Сапар барысында АҚШ делегациясы Қазақстандағы реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша жоғары лауазымды ресми тұлғалармен және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, Дональд Лу 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Лу Мемлекеттік хатшының көмекшісі 2018 жылдан 2021 жылға дейін АҚШ-тың Қырғыз Республикасындағы Елшісі және 2015-2018 жылдары АҚШ-тың Албания Республикасындағы Елшісі қызметтерін атқарды. Албанияға тағайындалғанға дейін Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу Батыс Африкадағы Эбола дағдарысында Мемлекеттік департаментте Эбола күрес жөніндегі үйлестірушінің орынбасары ретінде жұмыс істеді.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...