МотивацияҚазақтарға ғана құшағын ашқан америкалық бала

Қазақтарға ғана құшағын ашқан америкалық бала

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Лас-Вегас әуежайында Димаш Құдайбергенмен кездескен америкалық жанкүйерлердің арасындағы қазақ әншісінің мейіріміне бөленген Габриел есімді ұл баланы қазақтармен нендей тылсым байланыстыруы мүмкін?

Бұған дейін Димаш Құдайберген Лас-Вегас әуежайында жанкүйерлерімен жүздесуі кезінде 10 жасар Габриел есімді америкалық баланы құшағына қысып, үстіндегі костюмін оған сыйға тартқанын жариялаған болатынбыз.

Габриелдің шашының ұзындығына байланысты оқырмандар тарапынан түрлі сауалдар келіп түсті. Иә, оның шашы ұзын. Оның себебін Альмира Ерболат Габриелдің анасы Нэнсиден сұрап білді.

Нэнсидің айтуынша, Габриел сырттағы адамдардың оның басына қол тигізгенін қаламайды екен. Сол себепті де шаштараздың табалдырығын аттамайтын сияқты. Тіпті анасынан басқа адам баласын жанына жуытпай, құшақтамайтын көрінеді.

«Өздеріңіз көргендей, Габриел әуежайдағы кездесуде Димашты қатты құшақтады. Өзінің костюмін арқасына жапқан соң Димаш оның басынан сипағанын да байқаған боларсыз. Қазақ әншісімен жолықпай тұрған кезде мені алғаш көргенінде Габриел балақай екеуміз бір-бірімізді бұрыннан танитын адамдардай құшақтасып, жылы амандасқанбыз. Сол кезде мен де оның басынан бірнеше рет сипағанмын. Бірақ ол менің сол әрекетімді теріс көрмеді. Бұған анасы Нэнси таңқалды. «Жарайды, Димашты пір тұтып, жақсы көреді. Сол үшін де оған ештеңе демеуі мүмкін еді. Бірақ өмірінде бірінші рет көріп тұрған сізді жақын тартқанына таңдандым. Содан кейін маған қазақтардың киесі бар сияқты көрінді. Бұл жерде расында да бір тылсым күштің бары анық. Сондықтан 23 қыркүйек күні Алматыда өтетін Димаштың концертіне баламды алып барамын деп шештім. Оған қазақтың жерін көрсеткім келді», – дейді Нэнси. Қазір онымен үнемі телефонмен байланысып отырмыз. Жалғызбасты анаға Лас-Вегастан Алматыға ұшып бару, жол шығыны оңай емес шынында. Бірақ ол барлық қиындыққа қарамастан баласын қазақ жеріне алып баруды мақсат қойып отыр. Дубайға аялдаған сәтінде хабарласқанымызда Нэнси Димашпен жолыққан күннен бері ерекше толқыныстан әлі де ұйықтамағанын айтты. Жүректері алып-ұшып, мұхит асып бара жатқан қонақтарды қазақ жұрты жылы қарсы алып, АҚШ-қа ерекше көңіл күймен оралса екен деп тілеп отырмыз», – деді Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Альмира Ерболат.

Естеріңізге салсақ, Габриелге аутизм диагнозы қойылғандықтан, 9 жасына дейін дұрыс сөйлей алмаған-ды. Былтыр интернеттен Димаштың әндерін тыңдай бастаған ол әуезді әндерді нақышына келтіріп айтып, сөйлеу мәнері жақсарыпты. Кездескен кезде баласының осы жағдайын Нэнси қазақ әншісіне тебіреніп жеткізгенде Димаш Габриелге ерекше мейірленіп, үстіндегі костюмін сыйға тартқан еді.

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...