АқпаратСемейдің тарихы Әбілпейіз сұлтаннан басталады – Айдын Жүнісханов

Семейдің тарихы Әбілпейіз сұлтаннан басталады – Айдын Жүнісханов

 

СЕМЕЙ. KazUnite – Семей қаласының тарихы Әбілпейіз сұлтаннан бастау алады. Бұл туралы Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының оқытушы ассистенті Айдын Жүнісханов Семейде өткен «Әбілпейіз сұлтан – XVIII ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері» атты ғылыми-танымдық конференцияда мәлімдеді.

«Әбілпейіз сұлтан кезінде ұмыт болып қалған Қола дәуіріндегі ескі жолды қайта жандандырған болатын. Екіншіден, Әбілпейіз сұлтан айырбас үйін салу арқылы Семей қаласының негізін қалады деуге болады. Шын мәнінде бүгінгі Семей қаласының тарихы Әбілпейіз сұлтанмен басталуы керек. Өйткені тарихи деректер соған саяды. Бұл біздің ұлттық мүддемізге де сай келеді. Қаладағы қазіргі ұзын көпір де Әбілпейіз сұлтанның заманындағы Шығыс пен Сібірді байланыстырып тұрғандай өзіндік үлкен рөл атқарып тұр. Сондықтан бұл ұзын көшеге де Әбілпейіз сұлтанның атын беру орынды деп санаймыз. Себебі 3 ғасыр өтсе де, Әбілпейіз сұлтанның жолы өзінің маңыздылығын әлі де жоғалтқан жоқ, Семейдегі маңызды жолдың бірі», – деді Айдын Жүнісханов өзінің баяндамасында.

Фото Әлихан Бөкейхан университетінен

Сонымен қатар аталған конференцияда Шәкәрім атындағы Семей университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарбек Кәрімов «Әбілпейіз сұлтан: тарих және тұлға», Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлы «Қытай деректеріндегі Әбілпейіз және Көгедайға қатысты кейбір мәліметтер», «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының тарих пен мәдениетті балама зерделеу жобасының жетекшісі Айбек Кәрімов «Шыңғыстау-Аякөз өңірінде қалыптасқан «Билер кеңесі – Төре» басқару жүйесі», тарихшы, өлкетанушы Мұхаметбек Асылбеков «Сыбанқұл сұлтан бастаған Әбілпейіз ұрпақтарының XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдыққа қарсы күресі» тақырыбында баяндамалар жасады.

Фото Әлихан Бөкейхан университетінен
 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...