АқпаратШетелдіктер асырап алған қазақ балаларының Қазақстанға оралатыны рас па?

Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының Қазақстанға оралатыны рас па?

 

KazUnite – Кезінде шетелдіктер асырап алған қазақ балалары Қазақстанда біраз уақыт білім алып, қазақ тілін үйренеді. Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, белгілі журналист Жанар Байсемізова мәлім етті, деп хабарлайды kazunite.com тілшісі.

«Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді. Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктеріне жолдаймыз. «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын», – деп жазды Жанар Байсемізова instagram аккаунтында.

Оның сөзінше, шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады.

«Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі, шәкіртақы алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жүр. Талғат бүгін қашан келе алатынын сұрап жатыр», – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)

Естеріңізге салсақ, бұған дейін KazUnite порталында америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы Диаспен, кейінірек оны құшағына басқан америкалық анасымен сұхбат жарияланған болатын.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...