АқпаратФиладельфияда Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Ту көтеру рәсімі өтеді

Филадельфияда Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Ту көтеру рәсімі өтеді

 

ФИЛАДЕЛЬФИЯ. KazUnite – Бүгін, 15 желтоқсан күні Филадельфия қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Ту көтеру рәсімі өтеді.

Айта кетсек, АҚШ-тың Пенсильвания, Нью-Йорк штаттары Қазақстаннан 11 сағатқа артта. Яғни іс-шара Пенсильвания уақытымен таңда басталады.

Таңғы сағат 10.00-ден бастап Қазақстанның және АҚШ-тың жалаулары бар автомобильдер кортежі Бастлтон авенюден қала орталығына дейін жүріп өтеді.

Ту көтеру рәсімі Муниципалдық қызмет ғимаратында ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шараға Филадельфия қаласының әкімшілігі және Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мен Нью-Йорктағы Консулдығының өкілдері қатысады.

Белгілі композитор, әнші Марат Омаров бастаған Мирас Жүгінісов, Тұрар және АҚШ-тағы қазақ жастары Әнұранымызды шырқап, күй тартып, жетіген, қобыз, пианино, сыбызғы аспаптарында ойнап, өз өнерлерін паш етеді.

Сонымен қатар Қазақсатнның белгілі дизайнері Айдана Омарова бастауымен сәнгер (модельер) қыз-жігіттер ұлттық нақыштағы киімдермен сән үлгісін көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін осынау іс-шара туралы бас ұйымдастырушылардың бірі Пенсильваниядағы Қазақ Ассоциациясының Президенті Жұлдыз Исмаловамен сұхбат құрған болатынбыз.

Филадельфияда өтетін мерекелік іс-шара туралы «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарының АҚШ-тағы меншікті тілшілері оқиға орнынан ақпарат тарататын болады.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...