Ақпарат«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Қазақстанның Әнұраны шырқалды

«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Қазақстанның Әнұраны шырқалды

 

Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында  «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында қазақстандық дизайнердің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі.

​Бұл іс-шараға танымал дизайнерлер мен сән әлемінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар АҚШ-та тұрып жатқан қазақ дизайнері, кәсіпкер Анелия Әлім өз шығарылымын Нью-Йорктің сәнқой тұрғындарына ұсынды.

«NYFW-2024» сән көрсетілімінде ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Нью-Йоркте тұратын қазақтың кәсіби эстрада-джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахман Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, «New York, New York» әнін шырқады.

«Әлемге әйгілі өнер жұлдызы Френк Синатраның репертуарындағы «New York, New York» әнін алғаш рет Нью-Йоркте өткен «West Park International Music Festival-2022» Халықаралық байқауында орындаған болатынмын. «NYFW-2024» сән көрсетілімінің ұйымдастырушылары меймандарға осы әнді тарту етуімді және еліміздің Әнұранын орындауымды сұрап, арнайы шақырту жіберді. Азуын айға білеген АҚШ-та, Нью-Йорк қаласының төрінде қазақтың әнін шырқау және мәдениетін көрсету – мен үшін үлкен мәртебе», – деді Гүлзар Ғабдрахман KazUnite тілшісіне.

Бұған дейін АҚШ-тың әйгілі концерттік залдарының бірі «Carnegie Hall»-да өткен «Viva music Carnegie Hall» атты Халықаралық өнер додасында Қазақстанның атынан қатысқан Гүлзар Ғабдрахман 1-орынды иеленгенін жариялаған болатынбыз.

Сондай-ақ ол 2022 жылдың қараша айында Нью-Йорк қаласында өткен «West Park International Music Festival» ән байқауында 20 америкалық өнер майталманы арасынан топ жарып, гран-гри иегері атанған болатын. Сонымен қатар Лондонда өткен Халықаралық «Альбион жұлдыздары-2019» өнер байқауының жеңімпазы атанған.

Айта кетсек, Гүлзар ҒабдрахманҚазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының өнер магистрі, «Гүлзар Ғабдрахман эстрада мектебінің» негізін қалаушысы.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...