Ақпарат"БІРІККЕН АЛАШ" ҚОРЫ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫН ӨТКІЗДІ

«БІРІККЕН АЛАШ» ҚОРЫ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫН ӨТКІЗДІ

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йоркте «Біріккен Алаш» қоының (United Alash Foundation) алғашқы басқосуы өтті. Жиында Қор Президенті Ұланбатыр Бақытханұлы ұйым жанынан құрылған Кітап клубын ашып, ондағы кітап қорымен таныстырды.

Қордың Кітап клубында қазақ тарихына, әсіресе XX ғасырдағы ашаршылық пен Алаш зиялыларының сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған жылдарын қамтыған батыс жазушыларының кітаптары бар. Атап айтсақ, Едуард Олворс редакциялаған “Central Asia: a Cetury of Russian Rule” (Орталық Азия: Орыс билігіндегі ғасыр), Годфри Лиастың “Kazakh Exodus” (Қазақ көші), Сара Камеронның “The Hungry Stepe” (Ашаршылықтағы дала), Александр Бектің “Vilokolamsk Highway” (Волоколамс тасжолы), тағы басқа кітаптар бар.

 

Кітап клубы ашылуына орай БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі мен Нью-Йорктегі Қазақстан Консулдығы мекемелері өздерінің кітап қорларын «Біріккен Алаш» қорына табыстады. Онда ағылшын тіліне аударылған Мұқағали, Абай шығармалар жинағы, Қазақстан тарихына қатысты кейбір оқулықтар мен Қазақстанның бүгінгі саяси жағдайын, Назарбаев билігі тұсындағы Қазақстанды бейнелейтін еңбектер бар.

 

Жиын кезінде Қор Президенті Америкадағы қазақтардың ғана емес, әлем қазақтарының рухани бірлігіне өз үлесін қосуды мақсат еткен ұйым халықаралық деңгейде жұмыс істеуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Қор жанында Кітап клубы мен Бизнес клубы жұмыс істейтінін айтты. Кітап клубы рухани өсуге ықпал етсе, Бизнес Клубы қазақ азаматтарының табысты кәсіп иесі болуына септігін тигізетінін атап өтті.

“Алаш арыстары айтқандай, “Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек”. Біз де осы керектердің жолында жұмыс істеп, халқымызға өз шамамызға қарай үлесімізді қоссақ дейміз”, – деді Ұланбатыр Бақытханұлы.

Жиынға Қазақстан Консулдығынан Алмас мырза және БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінен Бауыржан Оспанов, АҚШ-тағы қазақ тіліндегі алғашқы ақпарат құралы kazunite.com онлайн газетінің жетекшісі Нәзира Байырбек, Нью-Йорктегі қазақ кәсіпкері Арай Разданқызы, Қайсар мырза, Нью-Йорк университетінің фильм академиясында “Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Алаштанушы ғалым Елмира Ерікқызы және басқа да сала өкілдері қатысты.

 

Басқосуда мәртебелі меймандар Америкада ресми тіркеліп, жұмыс істей бастаған United Alash қоры қазаққа пайдалы болуы үшін қандай шараларды қолға алып, не істегені дұрыс деген мәселе бойынша өз өтініштерін жазып қалдырды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Біріккен Алаш» қоының (United Alash Foundation) президенті Ұланбатыр Бақытханұлымен сұхбат құрған болатынбыз.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді....

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...