СұхбатАмерикадағы «Біріккен Алаш» қоры немен айналысады?

Америкадағы «Біріккен Алаш» қоры немен айналысады?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Жақында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш» қорының құрылғаны туралы жариялаған болатынбыз. Қордың мақсаты не? Бағыты қандай? Идея неден пайда болды? Осы және өзге де сұрақтар бойынша қор құрылтайшыларының бірі Ұланбатыр Бақытханұлымен сұхбат құрдық.

– Ұланбатыр мырза, АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының құрылуымен құттықтаймыз. Бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Осы жоба туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Идея неден пайда болды? Мақсаты не? Бағыты қандай? Кім қаржыландырады?

– 2019 жылы 11 желтоқсанда Нью-Йорк Университетінде өткен «Алаш» жастар құрылтайында баяндамамызда «Біріккен Алаш» қорын құрып, қазақ жастары бірігіп, жұдырық болып жұмылу жайындағы ойымызды айттық. Бір сөзбен айтқанда, идеяның бастауы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды Алаш арыстарынан бізге жеткен «Алаш» идеясынан пайда болды. Бағыты – қайырымдылық және марапат жұмыстары. Мақсатымыз – қайда жүрсек те, отанымыз қазақ еліне қызмет етіп, игілікті істермен айналысу. Ал қаржыландыру жағы әзірге қордың құрылтайшылары Нәзира Байырбек, Сержан Болат және мен Ұланбтыр Бақытханұлының, яғни өзіміздің мойнымызда. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, демеуші болғысы келетін азаматтар болса, тек қуана қабылдаймыз.

– Қор жұмысы немен басталды?

– Қордың жұмысы қасиетті Рамазан айында Нью-Йорктегі Elmhurst Islamic Center мешіт құрылысына қолдау көрсетуден басталды. Себебі қорымыздың құрылуына ақыл-кеңес беріп, білікті де сенімді заңгермен және есепшімен серіктес болуымызға дәл осы Elmhurst Islamic Center себепкер болған еді. Содан кейін Нью-Йорк қаласының Bronx ауданында тұратын, дертке шалдыққан Лаура атты апайымызға «Біріккен Алаш» қоры атынан көңілін сұрап бардық.

– Қазаққа қызмет ету үшін Қазақстанда тұру керек пе? Әлде елде тұру міндетті емес пе? Қалай ойлайсыз?

– Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп айтқанындай, қай жерде жүрсек те, қазаққа қызмет етуге міндеттіміз. Өз елің – алтын бесігің екені рас, шетелде жүрсек те, қазақ елінің өркендеуіне өзіміздің әр сала бойынша аз да болсын үлесімізді қосуға тиіспіз.

– Қытай мен Моңғолиядағы қазақтар осы уақытқа дейін ана тілі мен салт-дәстүрін жақсы сақтап келді. Қазіргі таңда олардың көпшілігі АҚШ-қа қоныс аударып жатыр екен. Енді қандастарымыз Америкада да тілі мен дәстүрін тура солай сақтай ала ма?

– Америкадағы Қазақ диаспорасы біртіндеп дамып келелі. АҚШ-тағы қандастарымыз ана тілі мен салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға барынша тырысып, бұл жағынан өзіне де, отбасына да көңіл бөліп жүр. Мысалы, Бостон қаласындағы «Мирас» қазақ мәдени қауымдастығы, Хьюстон қаласындағы «Шаңырақ» қоры жақсы жұмыс жүргізіп отыр.

– Жан-жақтағы тарыдай шашылған қазақ жұдырық болып жұмылып, бір-бірімен еркін хат-хабар алмасуы үшін латын әліпбиінің қаншалықты маңыздылығы бар? Қазақстандағы қазіргі латын әліпбиі туралы не айтасыз?

– Жиырма бірінші ғасырдың жиырма бірінші жылы әдеқашан өтіп кетті. Ал қазақ жазуы әлі ортақ шешімге келген жоқ. Латынға көшу әлем қазақтарының басын қосып, ата жұрты мен ана тіліне еңбек етуге арна болар деп санаймын. Қазақстандағы латын әліпбиі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір бойы зерттеп-зерделеген Алаш әліппесі мен грамматикасын арқау етсе, оң болар еді деп есептеймін. Қазақ жазуы оңынан болса екен деп тілейміз.

– Біздің дәстүрлі сұрақ: Қазақ өркениетті елдермен терезесі тең, керегесі кең болуы үшін қандай жағымсыз қасиетінен арылуы керек деп ойлайсыз?

– Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Ол үшін өз басымыздан бастап жауап бере алатындай болуымыз керек шығар. Бірақ «Біріккен Алаш» қорының ұстанымы болған Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Басқлардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек, бай болуға – кәсіп керек, күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөзінен шабыт алсақ, Алла қолдап, алға басамыз деп сенемін.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...