АқпаратҚазақстан ҰҚШҰ-дан шығуға мәжбүр болуы мүмкін – саясаттану профессоры

Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуға мәжбүр болуы мүмкін – саясаттану профессоры

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Саясаттану профессоры Полин Джонс жақында CDDRL және TEC бірлесіп ұйымдастырған Reds семинарында сөйлеген сөзінде Украинадағы Ресейдің жаңарған агрессиясы Мәскеудің Еуразиялық көршілерімен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін зерттеді.

Ресейдің Украинадағы басқыншылығы Мәскеудің Еуразиялық көршілерімен қарым-қатынасына қалай әсер еткенін зерттеген Мичиган университетінің саясаттану профессоры Полин Джонс таяуда CDDRL және Еуропалық орталық (TEC) бірлесіп ұйымдастырған Reds семинарлар сериясында өзінің зерттеу қорытындысын жариялады. Қоғамдық пікірді талдауға негізделген зерттеу қорытындысы бойынша, қазақстандықтар отанын агрессияшыл Ресеймен байланыстыратын елмен ынтымақтастықты жалғастыруды қолдамайтыны айқындалған.

Мичиган университетінің саясаттану профессоры Полин Джонс Қазақстан жұртшылығының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатынасын зерттеу жұмысын Индиана университетінің профессоры Регина Смитпен бірлесіп жүргізген. Зерттеу негізінен қазақстандықтардың Ресей құрған, Еуразиялық елдерден құралған ұжымдық қорғанысқа бағытталған, алайда негізінен аймақтық ішкі қақтығыстардың салдарын азайту бағытында жұмыс істеп отырған қауіпсіздік ұйымы ҰҚШҰ-ға көзқарасын айқындауға арналған.

Джонс зерттеуге дәл Қазақстанды таңдап алғанын бұл елдің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ірі ел ретінде маңызды рөл ойнайтынымен түсіндірді.

Зерттеу қазақстандық жұртшылықтың ҰҚШҰ-ға қатысты көзқарасын бағалау үшін тікелей сауалнамаға және экспериментке негізделген. Сауалнамаға қатысқандардан олар «Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұйымдастыруға қатысуын мақұлдай ма?» деген сұрапты. Тізім экспериментінде қатысушыларға саяси шаралар тізімі ұсынылып және олардың қаншасымен келісетіні сұралған.

Зерттеу қорытындысына негізделген баяндамасында профессор Джонс бірнеше негізгі тұжырымға тоқталды. Біріншіден, Қазақстанда халық тарапынан ҰҚШҰ-ны қолдау көрсеткіші әлсіз. Екіншіден, этникалық қазақтар арасынан шыққан респонденттер ҰҚШҰ-ны қолдамайтындықтарын айтқан. Сонымен бірге, ҰҚШҰ қолдамайтындар негізінен Украинадағы соғысты қазіргі күнтәртібіндегі маңызды мәселе деп санайтындар болған.

Зерттеуші алдағы уақытта қоғамдық пікір тұрғысында қысымға ұшырап, ел талабына құлақ асуға мәжбүр болатын Қазақстан Үкіметі ҰҚШҰ-ға және тұтастай Ресейге қатысты өз саясатын өзгертуі мүмкін деп мәлімдеді.

P. S. Өткен жылы Қазақстандағы Facebook қолданушыларының Ресейдің Украинаға шапқыншылығына дейінгі және кейінгі кезеңдегі деколонизацияға қатысты посттарына статистикалық талдау жасаған KazUnite компаниясы да Украинада соғыс басталғалы Қазақстанда ҰҚШҰ-дан шығуды талап еткен жазбалар көбейгенін жазған болатын.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...