Өмір салтыҚылмыс әлемінің серкесі – «Өкіл әке»

Қылмыс әлемінің серкесі – «Өкіл әке»

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкалық жазушы Марио Пьюзоның «Ең үздік 100 детективтік роман» тізіміне енген «Өкіл әке» романы туралы ақпаратты оқырман назарына ұсынамыз.

Өмірде не әлсіздердің, не мықтылардың қатарында боласың. Басқа таңдау жоқ. Адам анадан туғанда ақылды және батыл болып тумайды. Оны сондай етіп өмір қалыптастырады.

Америкалық жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» романы – «Ең үздік 100 детективтік романдар» тізіміне енген шығарма.

Дон Вито Карлеоне – ақыл-ойы терең, рухы мықты, батыл адам. Онымен дос болғандардың барлық мәселелері шешіледі. Ал жауласқандардың ерте ме, кеш пе, ойламаған жерден дәм-тұзы таусылады. Ол ешқашан бос уәде берген емес. Ал берген уәдесі аспан айналып жерге түссе де орындалады.

Өкіл баласы Джонни Фонтейнге фильмдегі басты рольді бермеген продюсер Джек Вольцке бас тарта алмайтын қандай ұсыныс жасағанын білесіз бе? Бағасы 600 000 доллар тұратын, жанына балаған бәйге атының басын кесіп, төсегіне тастаған. Бұл әрекет өркөкірек продюсерді бірден тәубесіне түсіргені сөзсіз.

Осындай ықпалды адамның сабырлы мінезіне қайран қаласың және келіссөз жүргізудің хас шебері екенін ерксіз мойындайсың. «Еш уақытта ашуланба, ешқашан сөйлесіп отырған адамыңды қорқытпа, ойын еркін және салиқалы айтып жеткізуіне мүмкіндік бер». Бұл – дон Карлеоненің басты ұстанымы.

Ол көзінің тірісінде Карлеоне әулетінің басшылығын үшінші ұлы Майклге береді. Аяушылықты білмейтін, қатыгез баскесерлер әлемінде өз билігіңді жүргізу үшін сен қасқырдай айбарлы, жолбарыстай жүректі болуың керек. Сенің бойыңнан сәл әлсіздік пен өзіңе деген сенімсіздікті аңғаратын болса, маңайыңдағылар түтіп жеуге әзір тұрады.

Дон Майкл Карлеоне – азуы алты қарыс нағыз көкжалдың өзі. Тәуекелге барудан қорықпайтын, жауапкершілікті өз мойнына алудан қашпайтын, намысты азамат.  Енді Нью-Йорктегі криминалдық кландар онымен санасатын болады. Кек – салқын күйінде ұсынылатын тағам тәрізді. Уақыты келгенде бұның  иелігіне қол салғандар өз жазасын алуы тиіс.

«Батыр бір оқтық» деген заманда қандай жаужүрек болсаң да, қойдың құмалағындай қорғасынға қарсы ештеңе істей алмайсың. Сондықтан нағыз көшбасшыға сұңғыла ақыл мен болашағыңды болжай білетін зеректік өте қажет.

Шығармаға арқау болған адам тағдырлары мен шым-шытырық оқиғалар оқырманды бірден елітіп әкетеді. Туындының желісі бойынша түсірілген «Өкіл әке» фильмі 1972 жылы кинемотография тарихындағы ең кассалы фильм ретінде тіркелген. Аталған фильм 1990 жылы мәдениет игілігі деп танылып, АҚШ Ұлттық фильмдер реестріне енгізілген.

Әлем бойынша көпшілік оқырманның ыстық ықыласына бөленген жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» романы «Фолиант» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді.

Осы және басқа да кітаптарды foliantbooks.com сайты арқылы тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін «Бәріне қолыңды бір сілте!», «Сергек сана», «Нөлден бірге дейін» кітаптарына шолу жасалған болатын.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді....

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...