МотивацияАфрика, Еуропа, Америка елдерінде ірі қызмет істеп жүрген жетісайлық Нұржан

Африка, Еуропа, Америка елдерінде ірі қызмет істеп жүрген жетісайлық Нұржан

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Әлемдік ірі компанияда жұмыс істеу үшін таныс болу шарт емес. Бұл туралы Еуропа, Африка елдерінде жұмыс істеген, бүгінде АҚШ-та қаржы саласы бойынша әлемдік Schlumberger компаниясының вице-президенті Нұржан Оңалтаев KazUnite тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Нұржан – Жетісай қаласындағы №6 орта мектепте оқыған қазақтың қарапайым баласы. Мектеп бітіргеннен кейін KIMEP-ке оқуға түсіп, Атырауда екі жыл жұмыс істеген.

«Одан кейін Алжирге жұмыс бабымен көштім. Қаржы саласында қызмет етемін. Отбасын құрғаннан кейін жарыммен Парижге көштік. Екі қызым сонда дүниеге келді. Балаларым Францияда балабақшаға барды, мектеп табалдырығын да сонда аттады. Еуропадан кейін Африкадағы Конго еліне қоныс аудардық. Конгода үш жыл жұмыс істедім. Онда да қаржы саласының маманы болдым. Қазір АҚШ-та Schlumberger компаниясында қызмет етемін, қаржы мәселесі бойынша вице-президентімін. Schlumberger – мұнай саласындағы ең ірі компанияның бірі. Онда жүз мың адам жұмыс істейді. Бірнеше елде филиалдарымыз бар. Қазақстанда да бірнеше қалада кеңсесі орналасқан», – дейді Нұржан Оңалтаев.

Кейіпкеріміз әлемдік компанияларда жұмыс істеу үшін танысыңның болуы шарт емес екенін, еңбектенсең, талпынсаң, «аға-көкесіз» де кез келген жерде қызмет атқаруға мүмкіндік бар екенін айтады.

«Америкалық менен көбірек біледі немесе еуропалықтың істеген жұмысын мен істей алмаймын деген ойлардан арылып, талпыну қажет. Көптеген елдің азаматтарымен еңбек еттім. Қазір де шетелдік азаматтар қол астымда жұмыс істейді. Барлық адамның мүмкіндігі бірдей. Тек еңбек пен талпыныс керек. Орта білім болсын, жоғары білім болсын, сабақты жақсы оқу керек. Бұл дегеніміз тек өткен тақырыпты жаттап, айтып беріп, жақсы баға алу емес. Тақырыпты және оның логикасын түсіну маңызды. Кейде Қазақстаннан «жұмысқа орналастыр» деп хабарласады. Мені Қазақстан компаниясында жұмыс істейді деп ойласа керек. Адам талпынса, кез келген компанияға жұмысқа таныссыз-ақ тұра алады. Әлем бойынша компаниялар өте көп. Тағы қосарым, көбіне адам сағат тоғыздан алтыға дейін кеңседе отырып, жұмыс уақыты біткенде үйіне қайтуға асығады. Алайда жақсы нәтижеге жету үшін басқаларға қарағанда көп жұмыс істеу қажет. Жұмысты жақсы көріп істеу өте маңызды. Әлемдік ірі компанияда жұмыс істеу үшін өзгелерден бөлектеніп тұру керек. Мәселен, департаментте он адам болса, оның ең үздігі сен болуың керек», – дейді Schlumberger компаниясының вице-президенті.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...