МотивацияАмерикаға 9-сыныпта жалғыз өзім келдім – алматылық бойжеткен

Америкаға 9-сыныпта жалғыз өзім келдім – алматылық бойжеткен

 

ЧИКАГО. KazUnite – Алматылық Дания Нүсіпбек бүгінде Чикаго қаласының маңындағы жекеменшік мектептің бірінде оқиды. Былтыр жазда әйгілі Гарвард университетінің мектеп оқушыларына арналған (жоғарғы сынып) жазғы бағдарламасына қатысып, білімін толықтырған. Сабақтан үнемі қолы босай бермейтін Дания KazUnite тілшісіне берген сұхбатында АҚШ мектептері туралы айтты.

«Мен қазір high school-да оқимын. Яғни онда 9-11 сыныптың балалары оқиды. Интернатта жатамын. Өзім Алматы қаласының тұрғынымын. 9-сыныпта Америкаға жалғыз өзім келдім. Жазғы және қысқы демалыс кезінде елге қайтамын. Бұл мектепке келер алдында ата-анам мені жақсы дайындады. Бірақ мен аздап қиналдым. Өйткені оқушылардың көбі «жаргон» сөздерді көп қолданады екен. Оның үстіне сабақтарды ағылшынша оқу басқаша болды. Терминдерден қиналдым. Бірақ біраз уақыттан кейін үйреніп кеттім», – дейді Дания.

Алматы қаласында бірнеше мектепте білім алған Дания екі елдің оқу жүйесінде қандай айырмашылықтар бар екенін атап өтті.

«Мектеп бағдарламасында айырмашылық бар. Қазақстанда шет тілін оқытқанда грамматика мен сөздік қорды дамытуға көңіл аударады. Бірақ Америкада ол жеткіліксіз. Өйткені елде жүргенде терең «анализ» жасауды меңгермегенмін. Есесіне математика және басқа да пәндерді АҚШ-қа қарағанда Қазақстанда жақсы үйретеді екен. Тағы бір айырмашылық – Америкада мектептер балаларға таңдау береді. Мәселен, математика пәні ұнамаса, оңай деңгейдегі математика сабағын таңдауға рұқсат етеді. Ал математикаға қызығушылығыңыз болса, тереңдетілген түрін үйретеді. Мен 9-сыныпта қиын математиканы таңдадым», – дейді ол.

Мектепте Даниямен бірге АҚШ пен Қытайдан, Корея, Үндістан, Ресей, Украина, Гамбия, Сенегал, Литва, Польша, Аргентина, Австралия елдерінен келген балалар оқиды екен.

«Оқу бағдарламасында Қазақстандағыдай ортақ бағдарлама жоқ. Әр мектептің өз бағдарламасы бар. Мұнда қандай сабақ ұнаса, соны таңдай аласың. Менің мектебімде математика ғылыми сабақтар. Ағылшын, қосымша тіл үйрену, тарих және шеберлік сабақтары бар. Мұнда аз дегенде математиканы екі жыл оқу керек. Ағылшынды төрт жыл оқу керек. Шеберді жарты жыл, тарихты үш жыл, өзге тілді екі жыл оқу керек. Мен шебер сабағын және өзге тілді 9-10 сыныпта оқыдым. Қазір оларды оқып қажет емес. Бірақ оқығым келсе, тағы оқуға болады. Мен оның орнына қосымша математика және ғылыми сабақтарын таңдадым. Менің мектебімде ғылыми сабақтар ұнамаса, оны екі жыл оқып, аяқтауға болады. Тура университеттегідей әр сабақта әртүрлі оқушылармен оқимыз. Маған математика және физика пәндері ұнағандықтан, инженер болғым келеді. Бірақ қандай инженер болатынымды әлі таңдамадым. Бәлкім механикалық немесе электрикалық инженер боламын. Ал дәл қазіргі таңдағы арманым – мықты университетке түсу», – дейді Дания Нүсіпбек.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...